Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында Қытай спорт делегациясының ту ұстаушылары бекітілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 қаңтар
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында Қытай спорт делегациясының ту ұстаушылары бекітілді

30 қаңтар, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында Қытай спорт делегациясының ту ұстаушылары жарияланды: ерлер өкілі Гао Тинъюй, әйелдер өкілі Чжао Дань.

Гао Тинъюй 1997 жылы 15 желтоқсанда Хэйлунцзян өлкесінің Ичунь қаласында дүниеге келген, қытайлық конькиші.

2016 жылы Гао Тинъюй Қытай конькимен жүгіру командасына таңдалды. 2018 жылы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарында Гао Тинъюй ерлер арасындағы 500 метрге конькимен жүгіру жарысы кезінде 34,65 секунд көрсеткішпен қола жүлдені жеңіп алып, қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында конькимен жүгіруден медаль алған алғашқы қытайлық спортшы атанды. 2020 жылдың ақпанында Гао Тинъюй конькимен жүгіруден әлем чемпионатында 34,282 секундта сырғанап, жеке рекорд орнатты.

Чжао Дань 2002 жылы 14 желтоқсанда Ішкі Моңғолия Автономиялық регионында дүниеге келген, қытайлық скелетон спортшысы.

2018 жылдың қыркүйегінде Чжао Дан Қытайдың скелетон командасына таңдалды.

2019-2020 жж. маусымында ол алғаш рет Швейцарияда өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына Қытай құрамасының атынан қатысып, жетінші орынды жеңіп алды. Бұл қытайлық әйелдің скелетон спортының жастар арасындағы қысқы Олимпиада ойындарына алғаш рет кіруі еді.

2021-2022 жж. маусымында Чжао Дан Инсбруктағы құрлықаралық кубокта чемпион атанды. Әлем чемпионатындағы ең жақсы нәтиже – 15-інші орын.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында ол скелетоннан әйелдер арасындағы жарыста Қытай намысын қорғайды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото