Си Цзиньпин мен Пэн Лиюань 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына келген халықаралық мәртебелі қонақтарға қонағасы берді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 ақпан

7 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның жұбайы Пэн Лиюань 5 ақпан күні түсте Бейжіңдегі Халық құрылтайы сарайының Алтын залында 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасының ашылу салтанатына қатысқан халықаралық мәртебелі қонақтарды қарсы алу үшін қонағасы берді.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қонағасыда сөз сөйлеп, ең алдымен Қытай үкіметі мен халқының атынан Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін Қытайға келген барлық қонақтарды қарсы алатынын жеткізіп, осы жарысқа қамқорлық жасаған және қолдау көрсеткен барлық үкіметтерге, халықтарға және халықаралық ұйымдарға шын жүректен алғысын білдірді.

Си Цзиньпин былай деп атап көрсетті: 4 ақпан күні кешке Бейжің қысқы Олимпиада ойындары Ұлттық стадионда ресми түрде шымылдығын ашты. Араға 14 жыл салып, Бейжіңде Олимпиада алауы қайтадан тұтанып, Бейжің әлемдегі алғашқы «Қос Олимпиада қаласы» атанды. Жасыл, ортақ, ашық және таза Олимпиада концепциясын қолдай отырып, Қытай жаңа пневмония індетінің салдарын еңсеру үшін бар күш-жігерін жұмсады, халықаралық қоғамдастық алдындағы өзінің салтанатты уәдесін орындады және Бейжің қысқы Олимпиадасының жоспарлаған уақытында өтуін қамтамасыз етті. Қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастыру және қысқы Олимпиада ойындарын ілгерілету арқылы Қытай қар-мұз спортына қарапайым халықты да ат салыстырып, 300 миллион адамды қар-мұз спортына қызықтыру мақсатына жетті және жаһандық Олимпиада ісіне жаңа үлес қосты.

Си Цзиньпин: «Олимпиада ойындары адамзаттың бейбітшілік, бірлік және даму жолындағы тамаша ұмтылыстарын арқау етеді» деді. Біз Олимпиада спорт ойындарының алғашқы ниетін есте ұстауымыз керек, әлем бейбітшілігін бірге қорғап, бір-бірімізді құрметтеуге және бір-бірімізге тең қарауға және тұрақты бейбіт әлемді бірлесіп құруға тиіспіз. Біз Олимпиада спорт ойындарының рухын алға жылжытып, халықаралық қауымдастықтың ортақ сын-қатерлеріне төтеп беру үшін бірігіп, шынайы көпжақтылықты жүзеге асырып, жарасымды және ынтымақты халықаралық отбасын бірге құруымыз керек. Біз Олимпиадалық спорт түрлерінің мақсатын жүзеге асыруымыз, адамзат дамуының ісін алға жылжытуымыз керек, бейбітшілік, даму, әділдік, әділеттілік, демократия және бостандық сияқты бүкіл адамзат үшін ортақ құндылықтарды ұстануымыз, әр-түрлі өркениеттер арасындағы алмасу мен өзара білім алуға жәрдемдесіп,адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын бірге құруымыз керек.

Си Цзиньпин Қытайдың ай күнтізбесі бойынша барыс жылын енді ғана бастағанын атап көрсетті. Төраға барыс күш-қуат пен ерліктің символы екенін айта келіп, Олимпиадалық спортшылар барыс сияқты күш-қуатты болып, тамаша нәтижелерді көрсетуге тілектестігін айтты. Сөз соңында көптің бірлескен күш-жігерімен Бейжің қысқы Олимпиадасы міндетті түрде тарихта қалады деп сенемін деді.

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Бах пен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш де сөз сөйледі. Олар халықаралық мәртебелі қонақтар атынан төраға Си Цзиньпиннің кең пейіліне шын жүректен алғыс айтып, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатының сәтті өтуімен құттықтады. Олар 4 ақпан күні түндегі Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ерекше және хикіметті ашылу салтанатын ешқашан ұмытпайтынын айтты. Қытай халқы өзінің тиімділігімен, табандылығымен және динамизмімен танымал, мұны COVID-19 пандемиясымен күресу де, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарын өткізу де дәлелдейді. Қытай 300 миллион адамды қар-мұз спортымен айналысуға мүмкіндік беру мақсатына мерзімінен бұрын қол жеткізді, бұл әлемдік қар-мұз спортының үлгісін біржола өзгертіп, Қытай мен әлемді игілікке кенелтті. Ережелерді құрметтеу, бір-бірін құрметтеу мен бейбіт және салауатты бәсекелестік арқылы әлемді біріктіру Олимпиадалық спорт түрінің мақсаты және әлемдегі барлық елдердің мақсаты болуы керек. Бүгінгі әлем бірлік пен ынтымақтастықты талап ететін көптеген қиындықтармен бетпе-бет келіп отыр. Халықаралық қауымдастық Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарын келіспеушіліктерді еңсеріп, болашаққа қарай жылжып, жақсы болашақты бірге құру мүмкіндігі ретінде қабылдайды деп күтеміз деді.

Қонағасы аса қызықты және көңілді аяқталды. Соңында Си Цзиньпин жұбайы Пэн Лиюаньмен бірге халықаралық мәртебелі қонақтармен «Болашаққа бірге» әнінің әуенімен тербеліп қол бұлғап қоштасты.

Бұл салтанатты қонағасыға Ван Хунин, Хань Чжэн, Дин Сюйсян, Сунь Чуньлань, Яң Цзечи, Цай Ци, Ван И сынды басшылар қатысты.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото