Төлем бизнесі мереке кезінде ұлғая түсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 ақпан

8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 7 ақпанда Қытай Халық банкі 2022 жылдың көктем мерекесі демалысына арналған төлем бизнесінің бақылау деректерін жариялап, еліміздің төлем бизнесі көлемінің одан әрі артып, тұтыну нарығының тұрақты дамуына ықпал еткенін көрсетті. Мәліметтер бойынша, 31 қаңтардан 6 ақпанға дейін ұлттық қолма-қол ақшасыз операциялар (онлайн төлем) 20,84 млрд рет орындалып, барлығы 14,9 триллион юаньға жеткен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 10%-ға және 16,2%-ға өсті.

Көктем мерекесі кезінде зат сатып алу, тамақтану, саяхат, демалыс пен ойын-сауық тағы басқа сол сияқты шараларға халықтың төлем бизнесінің көлемі өсуді жалғастырды. Мерекелік экономика мен жарнамалық іс-шаралар бұқараның зат сатып алу көлемінің тұрақты өсуіне әкелді. Ол бөлшек саудалардың төлем сомасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,9%-ға өсті. Азық-түлік пен сусындарды тұтыну төлемі шапшаң ұлғаюда. Көктем мерекесі кезінде туыстар мен достардың бас қосуы молайғандықтан, азық-түлік пен сусындарды тұтынуға сұраныс жоғары болды. Осыған байланысты тұтынушылардың төлем сомасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,6%-ға өсті. Тасымалдау ақысы айтарлықтай жоғарылады. Темір жол, авиация, автобус, метро сияқты көлік салаларындағы тұтынушылар төлеген сома өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,8%-ға өсті. Қонақ үйге орналасу бойынша тұтынған сома өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,9%-ға, ал орташа төлем сомасы 23,7%-ға өсті. Бұл тұтастай алғанда көпшіліктің жоғары сапалы қонақ үйлерге деген таңдаудың артқанын көрсетеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото