Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары: жеңіс жаспен өлшенбейді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 ақпан

8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында бәсекелестердің ішіндегі жасы ең кішісі мен ең үлкенінің айырмашылығы 35 жасты құрады. Олар 15 жастағы чехиялық шаңғымен секіруші Анезка Индракова мен Германияның 50 жастағы конькишісі Клаудиа Печштейн. Бірақ олимпиадашылар үшін олардың жасы тек сан атауы ғана, ал қажырлы құлшыныс арқылы олимпиадалық рухты асқақтату – Олимпиада ойындарының шынайы мәні.

Анезка Индракова

А.Индракова 2006 жылы 30 шілдеде дүниеге келген. Оның ірі жарыстардағы тәжірибесі аз, Қысқы Олимпиадаға бірінші рет қатысып отыр.

Камила Валиева

Бұл Олимпиадада ресейлік 15 жасар мәнерлеп сырғанаушы Камила Валиева да бар. Алайда оның жасы Анезкадан екі айдан астам үлкен және жарыс тәжірибесі де мол. 2020 жылы К.Валиева мәнерлеп сырғанаудан әлемдік жастар чемпионатындағы әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаз атанды. 2021 жылы К.Валиева мәнерлеп сырғанаудың Канададағы және Ресейдің Сочи қаласындағы Гран-приін, сондай-ақ Ресей чемпионатының әйелдер арасындағы жекелей чемпионатын жеңіп алды. 2022 жылы К.Валиева мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей жарыста жеңіске жетті. Ол мәнерлеп сырғанаудан жас дарындардың бірі және осы қысқы Олимпиада ойындарында жеңіс тұғырына көтерілуге ең танымал үміткерлердің бірі.

Клаудия Печштейн

Жасы ең үлкен бәсекелес, бұған дейін жеті Олимпиада ойындарына қатысқан Клаудия Печштейн 4 ақпанда Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Германия құрамасының жалауын көтерді. Печштейннің алғашқы Қысқы Олимпиадасы 1992 жылы Альбертвиллде өткен. Ол өз мансабында 5 Олимпиадада алтын, 2 Олимпиадада күміс және 2 Олимпиадада қола медальді жеңіп алған. Пекиндегі Қысқы Олимпиада - Печштейн қатысқан 8-інші қысқы Олимпиада ойындары болып табылады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото