Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Ұлттық биатлон орталығындағы жарысты тамашалады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 ақпан
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары кезінде Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Ұлттық биатлон орталығындағы жарысты тамашалады

8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 7 ақпан күні түстен кейін ХОК президенті Томас Бах әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жеке биатлон жарысын тамашалау үшін Чжанцзякоу жарыс аймағындағы Ұлттық биатлон орталығына келді. Одан кейін Т.Бах жарыс барысын бақылап, шабандоздар және жаттықтырушылармен тілдесу үшін биатлон ату алаңы мен мәре алаңына барды. Т.Бах Қытайдың «300 миллион адамды қар-мұз спортына қатысуға шақыру» мақсатына жетіп, тарихты жаңалағанын айтты.

6 ақпан күні кешке Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Т.Бах 2022 жылғы Бейжің жаңалықтары орталығы өткізген баспасөз мәслихатында Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары тарихты жаңалап, цифрландырудың бұрын-соңды болмаған деңгейі арқылы спорт жанкүйерлеріне Олимпиада мәдениеті мен бірегей ерекшеліктерін тамашалауға мүмкіндік берді деп мәлімдеді. Сол сияқты Alibaba цифрлық технологиясына негізделген Олимпиада ойындары тарихта бірінші рет негізгі жүйе бұлтқа толығымен біріктірілгенін және бұлттық есептеулер жаһандық көлемде хабар таратып тұрғанын айтып, Олимпиада ойындарына жаңа техникалық стандарттың орнатылғанын жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото