Қысқы Олимпиада ойындарындағы тоңбайтын ту ұстаушы

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 ақпан
Қысқы Олимпиада ойындарындағы тоңбайтын ту ұстаушы

8 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында АҚШ қарастылығындағы Самоаның ту ұстаушысы Натан Крамптон қақаған аязға қарамастан, денесіне май жағып, шөп белдемше киіп, аяғына флипфлоппен іліп «жеңіл киініп» шығып жұрыт назарын өзіне аударды. Ашылу салтанатынан кейін оны қытайлық және шетелдік көрермендер «қысқы Олимпиада ойындарындағы суыққа ең төзімді ту ұстаушы» деп атады.

7 ақпан күні түстен кейін ерлердің скелетон спортшысы Ұлттық қар шана орталығының ресми жаттығуына шықты. «Бүкіл желідегілердің тоңып қалмайма» дегенге алаңдауына Крамптон Синьхуа агенттігіне берген сұхбатында жақында күнде жаттығып, интернеттегі сұрауларға қарайлай алмағанын айтты. «шынымды айтсам, тудың тұғырын ұстаған кезде қолым қатты тоңған, бірақ ту ұстау уақыты да ұзаққа созылмайтындықтан, барлығы жақсы болды» деді.

Крамптон Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатының өте қызықты өткенін, кезек күтеміз деп алдынғы бөлігін көре алмаса да, бөлмесіне келе салып теледидардан бірден көргенін айтты. Ол тебіреніп «Бұл шынымен де әдемі және ұмытылмас болды»-, деді.

Крамптон жеке веб-сайтында өзін спортшы, модель және фотограф ретінде таныстырған. Ол скелетоннан басқа регби, хоккей, жеңіл атлетика, сквош және шаңғы тебуді де ұнатады. Бұл жігіт 2021 жылы Токио Олимпиадасында ерлер арасындағы 100 метрге жүгір жарысына қатысқан болатын.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото