- Барлық ақпарат
Қытай АҚШ-тан Тайваньға қару сатуды тоқтатуды талап етті
(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 ақпан
9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 8 ақпанда Сыртқы істер министрлігінің кезекті баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Тайваньға 100 миллион доллар көлемінде қару сату жоспары туралы мәлімдемесіне жауап ретінде Қытай бұған үзілді-кесілді қарсы екенін білдіріп былай деді: «АҚШ тарапы бір Қытай қағидасы мен «қытай-американ ортақ коммюникелеріне» бағынып, Тайваньға қару-жарақ сату жоспарынан дереу бас тартып, АҚШ пен Тайвань арасындағы әскери байланыстарды тоқтату керек».
«Қытай тарапы өз егемендігі мен қауіпсіздік мүдделерін берік қорғау үшін міндетті түрде тиімді шараларды қабылдайтын болады».
Чжао Лицзянь нақты шаралар туралы «алда көретін боласыздар» деп жауап берді.
(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online