Мереке демалысындағы фильмдердің кассасы 6 миллиард юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 ақпан

9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Барыс жылының басында Қытай кинонарығы жақсы нәтиже көрсетті. Мемлекеттік кино басқармасының деректері көрсеткендей, 7 күндік көктем мерекесі демалысында ұлттық фильмнің кассасы тарихта болмаған 6 миллиард 350 миллион юань жинап, екінші орынға шықты. Эпидемияның алдын алу күнделікті дағдыға айналған жағдайда да кинонарығы жоғары дамып, қуантарлық жетістіктерге жетті.

1 ақпанда (дәстүрлі күнтізбе бойынша бірінші айдың бірінші күні) кино нарығының табысы 1 миллиард 454 миллион юань болды. Мереке демалысында ұсынылған 8 фильмнің ішінде «Чосин су қоймасы шайқасы Ⅱ», «Ақымақ бала» және «Мерген»деп аталатын 3 фильмінен тұратын жаңа киноэшелонды атап өткен жөн. Мереке демалысының 6-ншы күніне дейінгі жағдай бойынша, үш жаңа негізгі фильм нарықтың 57,38%-ын құрады және осы фильмдерге байланысты ақпараттар интернеттегі негізгі іздеу тізімдерінде маңызды орын алды.

Фильм таралымының үздік көрсеткіштерінен басқа, Қытай кино нарығындағы 80 000-нан астам экрандық көрсетілім мереке кезінде фильм нарығының гүлденуіне ерекше аппараттық қолдау көрсетті. Қазіргі уақытта Қытай әлемдегі экрандар саны ең көп және әлемдегі ең үлкен кино нарығы орныққан ел. Мереке кезінде қалалық және ауылдық жерлердегі үлкенді-кішілі кинотеатрлар көпшіліктің мәдени шараларға деген ықыласын еселеп, үйлерінен шығуының басты себебіне айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото