Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті: Қытай спортшылары үшін нақты жетістіктер көрсеткіші жоқ

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 ақпан

9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 7 ақпанда Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының кезекті баспасөз мәслихатында тілші Бейжің қысқы Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары Ян Шуаньнан Қытай делегациясының спортшыларынан қысқы Олимпиада ойындарында қандай жетістіктер күтілетінін сұрады. «Ағымдағы Қысқы Олимпиадада Қытай спортшылары үшін нақты жетістіктер көрсеткіші жоқ» деп жауап берді Ян Шуань.

Ян Шуань: "Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің көзқарасы бойынша, біз қытайлық спортшыларға ғана емес, барлық спортшыларға қамқорлық жасаймыз. Барша үміткерлер жарыс алаңында тамаша нәтижелерге қол жеткізе алады деп сенеміз", - деді.

"Олимпиада тарихында орныққан өте маңызды дәстүр бар, ол жеңіске жету емес, қатысу. Осы қысқы Олимпиада ойындарында көптеген спортшылар тамаша нәтижелерге жетті. Бұл көрсеткіштер Олимпиада рекордтарын жаңарту немесе алтын медальдарды жеңіп алу емес. Бұл бұрынғы нәтижелермен салыстырғанда одан жоғары ілгерілеушілікке қол жеткізу. Спортшылар үшін бұл үлкен жетістік», - деді Ян Шуань.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото