Қысқы Олимпиада ойындарының жабық циклінде кластерлік індет болған жоқ

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 ақпан

9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 ақпанда өткен Халықаралық Олимпиада комитеті мен Бейжің қысқы Олимпиадасын ұйымдастыру комитетінің кезекті баспасөз мәслихатында Бейжің қысқы Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті індеттің алдын алу басқармасы директорының орынбасары Хуан Чун Қысқы Олимпиада ойындарының жабық циклінде кластерлік індет болмағанын айтты.

«23 қаңтар мен 7 ақпан аралығында, Олимпиада қалашығы ашылғаннан бүгінгі күнге дейін, барлығы 393 адам қайта тестілеуден өтіп, оң нәтижені берді, оның ішінде спортшылар мен команда басшылары 40,46% құрайды, ал басқа мүдделі тұлғалар 59,54% құрады. Әуежайда барлығы 62,85%, жабық циклде 37,15% анықталды». Хуан Чундің айтуынша, қазіргі уақытта оң жағдайлардың барлығы дерлік Қытайға келгенге дейінгі инфекциялар немесе жабық циклдегі инкубациялық кезеңдегі инфекциялар болып табылады.

Статистикаға сәйкес оң жағдайлардың шамамен 68%-ы оқшаулаудан босатылғанын немесе ауруханадан шыққанын көрсетеді. «Қазіргі уақытта кластерленген індет жоқ, бұл біздің қолданыстағы індеттің алдын алу және бақылау шаралары тиімді және қуатты екенін, сондай-ақ эпидемия қаупін жалпы бақылауға болатынын толық көрсетеді», - деді Хуан Чун.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото