Гу Айлин: «Мен Қытай мен АҚШ-қа алғыс айтамын»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 ақпан
Гу Айлин: «Мен Қытай мен АҚШ-қа алғыс айтамын»

9 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 8 ақпан күні Қытай спортшысы Гу Айлин Бейжің 2022 қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы фристайл - шаңғымен секіру финалында алтын медальдің иегері атанды. Америка Құрама Штаттарында туып, Қытай атынан жарысқа қатысқан 18 жастағы Гу Айлин қытайлық желі қолданушыларының ақ тілегіне ие болып қана қоймай, американдық БАҚ, соның ішінде CNN және The New York Times басылымдарының назарын аударды.

Ойын алдында «Нью-Йорк Таймс» газеті осы қысқы Олимпиада ойындарында Гу Айлин үш алтын алады деп болжаған мақала жариялады. Онда «алайда спортшыға қиын тиетіні екі алпауыт елдің арасындағы алауыздықтан аттап, қысқы Олимпиада ойындарындағы геосаяси қайшылықтарды елемей, аман-есен жарысын аяқтауы»,- делінген.

«Нью-Йорк Таймс» газетінің «уайымына» Гу Айлин былай деп жауап берді: «Мен жеті метр биіктіктегі U-тәрізді қар алаңында кері бұрылулар жасай алуға шамам жетеді. Бұл саясат емес, адамзаттың мүмкіндігін ашу, бірлігі үшін күрес», - деді.

Гу Айлин кешегі баспасөз мәслихатында өзінің ұлтына және Қытай мен Америка Құрама Штаттарына қатысты мәселеге тағы да жауап беріп: «Мен Америка Құрама Штаттарына және Америка командасына өте ризамын, өйткені олар мені әрқашан қолдап келді. Сонымен қатар, менің Қытайға және Қытай құрамасына да алғысым шексіз, себебі мұнда үлкен қолдау мен көмекке ие болдым. Меніңше спорт барлық адамдарды ұйыстырады, ал спортты ұлтқа бөлудің қажеті жоқ. Біз осы жерде ұйымдасып, адамзаттың мүмкіндігін кеңейтуді жалғастыра аламыз деп үміттенемін», - деді.

Гу Айлин «мен әр жылы уақытымның 30%-ын Қытайда өткіземін. Менің шешем Бейжіңдік, нағашы апам да Бейжіңде тұрады. Байқаған шығарсыз, мен Қытай тілін еркін сөйлеймін. Мен шаңғымен секірудің шыңында тұрып, Бейжіңдегі үйімді көруіме болады. Маған қытайдың ұлттық ас мәзірі, нағашы апамның әзірлеген дәмдері ұнайды және қысқы Олимпиада ауылындағы қытай тағамдарын да сүйсініп жеймін», - деді күлімсіреп.

Гу Айлин «Мен Америка Құрама Штаттарында да, Қытайда да өте еркін жүремін. Спорт адамдарды бөлмей, керісінше біріктіретін күш деп білемін», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото