Қытайда жеке кәсіпкерлік саны 100 миллионнан асты, бұл көрсеткіш жалпы нарық субъектілерінің шамамен 2/3 бөлігін құрайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 11 ақпан

11 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік нарықты реттеу басқармасының жауапты тұлғасы жуырда Мемлекеттік кеңестің ақпарат кеңсесінің баспасөз мәслихатында былай деп таныстырды: «Өткен жылдың аяғында бүкіл ел бойынша тіркелген жеке кәсіпкерлік саны 103 миллионға жетті. Бұл жалпы нарық субъектілерінің шамамен 2/3 бөлігін құрайды. 100 миллион жеке кәсіпкерліктің болуы - тарихи серпіліс».

Жеке кәсіпкерлік еліміз бойынша нарық субъектілерінің ең көп санын құрайды: олардың 90%-ы қызмет көрсету саласында, негізінен көтерме және бөлшек саудада, жатақ-тамақ шаруашылығында, тұрғын үй қызметтерінде шоғырланған. Зерттеулерге сәйкес, әрбір кесіпкерлікте шамамен 2,68 адам жұмыс істейді. Осы есептің негізінде ұлттық жеке кәсіпкерлік еліміздегі 276 миллион адамды жұмыспен қамту мәселесін шешті.

Соңғы екі жылда індеттің қыспағына қарамастан, жеке кәсіпкерлік тұтастай алғанда тұрақты дамыды. Өткен жылы бүкіл ел бойынша 19,701 миллион жаңа жеке кәсіпкерлік құрылып, өткен жылмен салыстырғанда 17,2%-ға өсті. Бұл 2012-2021 жылдар аралығындағы 11,8% деңгейінде орташа жылдық өсу қарқынынан жоғары. Жаңадан құрылған және нарықтан шеттеген жеке кәсіпкерліктің салыстырмалы межесі 100:50 болды. Бұл соңғы жылдардағы мәліметтермен сәйкес келеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото