Бейжің қысқы Олимпиадасында кейбір шаңғы жарыстары неге түнгі мезгілде өтеді?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 ақпан
Бейжің қысқы Олимпиадасында кейбір шаңғы жарыстары неге түнгі мезгілде өтеді?

15 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Шаңғы жарыстарының түнде өту себебі біріншіден, Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада қар ойындары өтетін орында кешке жел аз соғатындықтан шаңғы жарысына аса әсер етпейді. Күндіз таудың басы салқын, ал бөктері жылы болады. Сондықтан төмендегі импульс пен ауа ағысы арқылы төмен қарай соғатын желдің әсері күшейіп, күндіз жел қатты соғады. Кешке қарай жазық жер тез суытып, таулар мен жазықтар арасындағы температура айырмашылығы айтарлықтай болмағандықтан, жел де көп соқпайды.

Екіншіден, уақыт айырмашылығының ескерілуі. Түнгі жарыс қар-мұз спорты дамыған Еуропа мен Солтүстік Америкадағы көрермендерге ойынды қолайлы уақытта көруге мүмкіндік береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото