- Барлық ақпарат
«Си Цзиньпин таңдамалы хаттарының» бірінші томы жарық көрді
17 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық Комитетінің Партия тарихы мен құжаттары ғылыми-зерттеу институты редакциялаған «Си Цзиньпин таңдамалы хаттарының» бірінші томы жақында Орталық әдебиет (құжаттар) баспасынан басылып, елге тарады.
Хаттар антологиясына Си Цзиньпин жолдастың 2013 жылдың мамыры мен 2021 жылдың желтоқсаны аралығындағы 239 хаты енген. Бұл хаттардың кейбірі алғаш рет жарияланып отыр.
Жинақ Си Цзиньпин жолдастың партия мен барлық ұлтқа жетекшілік ету, партия мен елді ілгерілету тәжірибесін, Си Цзиньпин жолдастың әр ұлт, әр сала кадрларымен, бұқарамен қарым-қатынасын, түрлі елдердің саяси партиялары мен беделді тұлғалары арасындағы өзара алмасуларды дәйектейді. Антологияның мазмұны жаңа дәуірдегі қытайлық сипаттағы социализмді қолдау және дамытудың барлық аспектілерін қамтиды. Си Цзиньпиннің жаңа дәуірдегі қытайлық сипатқа ие социализм туралы ой-пікірін жан-жақты зерттеп, іске асырып, екінші ғасырлық мақсат пен Қытай халқының ұлы гүлдену арманын орындауға тынымсыз күш салуда бұл еңбектің үлкен бағдарлық маңызы бар.
people.cn © People's Daily Online