Тибет егіншілері мен малшылар табысының өсу қарқыны елде 7 жыл қатарынан көш бастады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 ақпан

17 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Тибет автономиялық регионы статистикалық бюросынан 2021 жылы Тибет халқының күнкөріс экономикасы жақсы нәтижелерге қол жеткізгенін, қала тұрғындарының жан басына шаққандағы нақты табысы 13 пайызға артып, екі жылда орта есеппен 11,5 пайызға өсетінін хабарлады. Ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы нақты табысы 16 935 юань болып, 16%-ға жоғарылап, екі жылдық орташа өсім 14,4%-ды құрады. Қала тұрғындарының жан басына шаққандағы ақшалай табысының өсу қарқыны республикалық орташа деңгейден 4,8 пайызға жоғары болған. Ал егіншілер мен малшылардың жан басына шаққандағы ақшалай табысының өсу қарқыны республикалық көрсеткіштен 5,5 пайыздық тармаққа артқан. Егіншілер мен малшылар табысының өсу қарқыны республикада озық шығып, жеті жыл қатарынан ел көшін бастады.

Мәліметтерге қарағанда, Тибет автономиялық регионында табыстың қарқынды өсуіне сай, тұтыну да салыстырмалы түрде арта түсті. Осыған сәйкес бір жылда регион тұрғындарының жан басына шаққандағы тұтыну шығыны 15342 юань болып, өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға, ал екі жылдағы орташа есеппен салыстырғанда 8,5%-ға өсті. Бір жыл ішінде Тибеттегі қоғамдық тұтыну тауарлары бөлшек саудасының жалпы көлемі 81 миллиард 34 миллион юань болды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,7 пайызға артып, екі жылда орта есептен 2,4 пайызға жоғарылаған.

Тибет автономиялық регионының қызмет көрсету саласы 2021 жылы ретімен қалпына келтіріліп, операциялық кіріс арта түсті. Қаңтар-қараша айларында региондағы мемлекеттік белгіленген көрсеткіштен жоғары өнеркәсіптік кәсіпорындардың табысы 18 миллиард 554 миллион юаньға өскен. Осы өсімге сәйкес өткен жылдың аталмыш кезеңімен салыстырғанда 13,6 пайызға, ал екі жылда орташа есеппен 4,1 пайызға өсті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото