Қытай сыртқы істер министрлігі: АҚШ жасаған соғыс қаупі Украинаға қатты әсер етті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 ақпан

18 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбинь 16 ақпан күнгі кезекті баспасөз мәслихатында АҚШ-тың соңғы бірнеше күнде соғыс қаупін арттырып, шиеленісті тудырғаны Украинаның ішкі экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы мен халықтың өміріне қатты әсер еткенін айтты. Бұл сонымен қатар тиісті тараптардың диалог пен келіссөздерді ілгерілету үшін тұсау болды.

Ван Вэньбинь журналистің сұрағына жауап бергенде былай деді: Мен мынаны байқадым, жақында Ресей тарапы Батыстың Украина мәселесінде «ақпараттық лаңкестікті» қолданды деп мәлімдеді және 15 ақпан күні АҚШ сынды батыс елдерінің «насихат сәтсіз болу күні» болып табылады. Ван Вэньбинь атап өткендей, Америка Құрама Штаттары мен Батыстағы кейбір адамдар жалған ақпарат таратуды жалғастырып, онсыз да сын-сайыстарға толы әлемге дүрбелең мен белгісіздікті күшейтіп, сенімсіздік пен алауыздықты арттырды.

Ван Вэньбинь тиісті тараптар мұндай жалған ақпарат шабуылдарын тоқтатып, бейбітшілікке, өзара сенім мен ынтымақтастыққа септігін тигізетін істерді көбірек жасаса деп күтемін деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото