Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының болашақтағы 30 жылынан тіпті де мол нәтижені күтуге болады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 ақпан
Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының болашақтағы 30 жылынан тіпті де мол нәтижені күтуге болады

18 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяо «Kazakh Industry Daily» және «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігі сияқты негізгі ақпарат құралдарына Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қытайға сапары және оның Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысуы туралы сұхбат берді.  

Елші 4-5 ақпан аралығында Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың Қытайға жұмыс сапарымен шақырылғанын және Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқанын мәлімдеді. Кездесу барысында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевпен екіжақты кездесу өткізді. Бұл ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы Қытайға сапарынан кейін екі жыл ішіндегі Қытай мен Қазақстан мемлекет басшыларының бірінші рет оффлайн кездесуі. Сонымен қатар бұл Қ.Тоқаевтың Қазақстандағы «қаңтар оқиғасынан» кейінгі алғашқы сапары болып саналады.

Елші Чжан Сяо Қытайдың бұл сапарға аса мән беріп, мұқият ойластырғанын атап көрсетті. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «қысқы Олимпиада сапары» Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына тұспа-тұс келіп отыр. Бұл өткенге мұрагер, болашаққа бұйдагер болатын маңызды мәнге ие. Кездесу барысында екі мемлекет басшылары соңғы 30 жылдағы Қытай-Қазақстан қарым-қатынасына жоғары баға берді.

Төраға Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 30 жылдан бері екі елдің қарым-қатынасы үздіксіз жаңа деңгейге көтеріліп, тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктестіктің тың белесіне шыққанын атап көрсетті. Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының коннотациясы екіжақты шеңберден шығып, аймақтық, тіпті әлемдік бейбітшілік пен тұрақтылық үшін үлкен маңызға ие болды. Төраға Си Цзиньпин сондай-ақ Қытай Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтауда табанды түрде қолдау көрсететінін және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға қабілетті екеніне сенетінін атап өтті. Қытай әрқашан Қазақстанның адал досы және сенімді серіктесі болып қала береді. Сонымен бірге Қазақстанның тұрақтылықты сақтау, экономиканы дамыту мен халықтың тұрмысын жақсартуға қатысты іс-жоспарларына көмектесуге дайын. Қытай Қазақстанмен саяси өзара сенімді тереңдетуге, жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге, ортақ даму мен жандануға ұмтылуға, Қытай мен Қазақстан достығын бұлжытпай қорғауға, ынтымақтастықты мызғытпай тереңдетуге және бір-бірін қалтқысыз қолдап, Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының дамуы үшін тағы бір алтын 30 жылды бірге ашуға дайын.

Елші Қытай-Қазақстан қарым-қатынастары алғашқы 30 жылда жаңа тарихи белестерге өрлегеніне куә болсақ, онда болашақтағы 30 жылдан тіпті де мол нәтижені күтуге болатындығын айтты.

Біріншіден, саяси өзара сенім Қытай мен Қазақстан достығының негізі болып табылады. Алдағы 30 жылда екі ел тұрақты жан-жақты стратегиялық әріптестік ұстанымын қолдап, саяси, қауіпсіздік және халықаралық салалардағы стратегиялық үйлестіруді сабақтастырып, екі ел мен аймақтың тұрақты қауіпсіздігі мен жасампаздығын бірге қорғауы керек.

Екіншіден, прагматикалық ынтымақтастық – Қытай мен Қазақстан достығының тірегі. Қазіргі таңда Қытай мен Қазақстанның «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құруы екі ел мен екі ел халқына үлкен пайда әкелді. Болашақтағы 30 жылда екі тарап «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада жалғастырып, өндіріс қуатын, сауданы, ауыл шаруашылығын және инфрақұрылымдық құрылысты бағдары ретінде қарастырып, байланыс деңгейін ұдайы жақсартуы керек. Сонымен бірге жасыл энергия, заманауи медициналық көмек, жасанды интеллект, электронды коммерция, цифрлық қаржы және басқа салаларда жаңа өсу нәтижелеріне жетуге назар аудару қажет.

Үшіншіден, Гуманитарлық алмасулар - Қытай мен Қазақстан достығының кепілі. «Эпидемиядан кейінгі дәуірде» екі елдің қалыпты барыс-келісін қалпына келтіру негізінде мәдениет, туризм, білім, ақпарат құралдары, сараптама орталықтары және басқа салалардағы алмасуларды одан әрі кеңейту керек.

Бейжің қысқы Олимпиадасын өткізу туралы айта келіп, Елші Бейжіңнің жазғы және қысқы Олимпиаданы өткізген әлемдегі алғашқы қала екенін айтты. Ақпарат құралдарының басым бөлігі Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының «жабық циклі» аясында көптеген елдердің спортшылары тамақ, жатақ, көлік және бәсекелестік мәселесі өте жақсы болды, тағамы дәмді, жатағы жайлы және ортасы қауіпсіз деп мақтағанын жариялаған болатын. «Жабық циклде» індет жұқтыру қаупі жоқ, Қазақстан делегациясының мүшелері індеттен аман.

Чжан Сяо бұл қысқы Олимпиада ойындары Қытайдың жоғары технологиялық даму жетістіктерін толық дәлелдей алатынын атап айтты. Стадионның іші-сырты көптеген роботтармен жабдықталып, олар тұрмыстық шараларға, жарыс төрешілеріне, көлік тасымалдауға жәрдем берді. Бұл қызмет түрі әр елден келген спортшыларды таңқалдырды. Қытайдың сандаған машақатты жеңіп, қысқы олимпиаданы уақытында өткізуі елдің күш-қуатын әлемге әйгілеп қана қоймай, сонымен бірге бүкіл әлем халықтарының жүрегін тоғыстырып, «болашаққа бірге» баратын асқақ мұратты айқындап берді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото