Томас Бах: Бейжің қысқы Олимпиадасы індет кезінде өткен ұлы Олимпиада болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 18 ақпан
Томас Бах: Бейжің қысқы Олимпиадасы індет кезінде өткен ұлы Олимпиада болды

18 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах бүгінгі баспасөз мәслихатында Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының қазірге дейін сәтті өтіп жатқанын айтты. «Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары індет кезінде өткен ұлы олимпиада болды». Бейжің қысқы Олимпиадасы спорт тарихында бірегей оқиға болды. 2022-2023 жылдардағы жарыс маусымында Бейжің қаласында қысқы спорт түрлерінен әлем кубогі мен әлем чемпионаттары өтетін болады.

Томас Бах Қытайдың қысқы Олимпиада ойындарын ұйымдастырып, өткізу арқылы 300 миллион адамды қар-мұз спортына қатысуға жұмылдырғанын ерекше бағалады. «Бұл адамдардың аз ғана бөлігінің болашақта кәсіби қар-мұз спортымен айналысуы, әлемдегі қар-мұз спортының үлгісін өзгертеді», - деді. Томас Бах Қытай спортшыларының Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында жақсы өнер көрсеткенін айтты. Сонымен қатар Қытайдың әлеуметтік желілерінен Қытай халқының оларды мақтаныш тұтатынын байқауға болатынын мәлімдеді. Қытайда қазірдің өзінде 2000-нан астам мұз айдыны бар. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары да көптеген бағалы мұралар қалдырады. Томас Бах соңғы күндері халықаралық олимпиада комитеті мен кейбір жеке спорт федерациялары жиі бас қосып, алдағы уақытта Бейжіңде жарыс өткізу мәселесін талқылағанын және болашақта Бейжіңде көптеген қысқы спорт жарыстары өтетінін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото