- Барлық ақпарат
Барлық спортшылар құрметке лайық
18 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Бұл Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындарындағы ерлер арасында 15 шақырымға шаңғымен жүгіру (дәстүрлі әдіс) жарысынан кейінгі топтық сурет. Суреттегі екі адам – сол жағындағы Колумбиялық Карлос Андрес Кинтана, ол жарысқа қатысушы 95 адамның ішінде ең соңғысы болып келді, ал оң жағындағы спортшы осы жарыстың чемпионы Финляндиялық Ийво Нисканен.
Нисканеннің уақыты 37:54,8 минут болса, Кинтананың уақыты 55:41,9 минутты құрады, екі спортшының арасындағы айырмашылық 17:47,1 минут. Нисканен соңғы нүктеге бірінші болып жеткеннен кейін кетуге асықпай, ең соңғы қатысушының мәреге жетуін күтіп, жылы құшақтап құттықтады.
Баспасөз мәслихатында Нисканен: «Барлық спортшылар бір-бірін сыйлауы керек, жарысқа келген әрбір қатысушы сансыз машақаттарды басынан өткергендер», және олар барлық қошемет пен құрметке лайық - деді.
people.cn © People's Daily Online