Алтын медальдар тізімінде Қытай үшінші орынды иеленді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 ақпан

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай делегациясы 9 алтын, 4 күміс және 2 қоламен бір қысқы Олимпиадада жеңіп алған алтын медальдар мен медальдар саны бойынша жаңа рекорд орнатып, алтын медальдар тізімінде үшінші орынға көтерілді. Сөйтіп 1980 жылы қысқы Олимпиада ойындарына қатысқаннан бергі тарихтағы ең үздік нәтижелерге жетті.

«Мұзда шебер, қарда әлсіз» болу жағдайын өзгертті

2002 жылғы Солт-Лейк-Ситидегі қысқы Олимпиада ойындарынан 2018 жылғы Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына дейін Қытай құрамасы жеңіп алған 13 алтынның 12-сі мұз айдынынан келген. Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында Қытай делегациясы қар жарысында 5 алтын және 2 күміс медальді жеңіп алды. Бұл «Мұзда шебер, қарда әлсіз» болу жағдайын өзгертіп, мұз бен қар оқиғаларының болашақ дамуындағы шексіз мүмкіндіктерін көрсетті.

Барлық жобаға қатысты

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарында барлық 109 жарыстың ішінде Қытай спортшылары 35 жарыста «нөлдік» көрсеткішті бұзды. Әрбір қар-мұз оқиғасының шағын қадамы Қытайдың мұз және қар спортының дамуындағы үлкен қадамға айналып, бұл қысқы олимпиаданың жарқын болашағын көрсетті.

Айта кетейік, Қытай құрамасындағы 177 спортшының шамамен 1/5 бөлігі спорт түрін ауыстыру арқылы қар-мұз жарыстарына кәсіби дайындалды. Оның ішінде қар спортының жартысына жуығы спорт түрін ауыстырған спортшылармен толықты. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото