Бейжің 2022 Қысқы Паралимпиада ойындарына Қытай спорт делегациясы құрылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 ақпан

21 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Делегацияның жалпы саны – 217, оның ішінде 96 спортшы (ерлер 68, әйелдер 28), 121 жаттықтырушылар, қызметкерлер, жарысты қолдау қызметкерлері және медициналық қауіпсіздік қызметкерлері бар. Спортшылар 12 өлке-қаладан келген хань, маньчжур, ва, дай, дун, и және мяо сияқты 7 этникалық топтан құралған. Спортшылардың орташа жасы 25 жас болып табылады, ең үлкені 45 жастағы тау шаңғышысы Чжан Хайюан, ал ең жас спортшы 17 жастағы сноубордшы Гэн Яньхун.

Делегация құрамында 85 спортшы қысқы Паралимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, 88,5%-ды құрады. Делегация мүгедектер арбасындағы керлинг, паралимпиадалық шайбалы хоккей, паралимпиадалық тау шаңғысы, паралимпиадалық сноуборд, паралимпиадалық шаңғы жарысы және биатлонның алты негізгі жарысының барлығында және 73 қосалқы жарысында бақ сынамақ. 2014 жылғы Сочиде өткен Қысқы Паралимпиада ойындарымен салыстырғанда, Қытай құрамасы Бейжіңдегі Қысқы Паралимпиада ойындарында қатысатын ірі жарыстардың саны 2-ден 6-ға, ал кішігірім жарыстардың саны 6-дан 73-ке өсті. Бұл еліміздің қысқы Паралимпиада ойындарына қатысқаннан бергі көлемі ең ірі, спортшылары және қатысатын түрлері ең көп делегация.

Еліміздегі Қысқы Паралимпиада салыстырмалы түрде кеш дамыды. Делегацияның мақсаты: Қытай мүгедектерінің жаңа дәуірдегі өршіл рухын әлемге көрсету, еліміздің қысқы Паралимпиада ойындарының даму жетістіктерін әйгілеу, биік нәтижелерге ұмтылу және елдің даңқын асқақтату.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото