- Барлық ақпарат
Қытайдың БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілі Чжан Цзюньнің Қауіпсіздік Кеңесінің Украина мәселесін шұғыл талқылауындағы мәлімдемесі
22 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Украина мәселесін шұғыл талқылау отырысында Қытайдың БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілі, Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Цзюнь Былай деп мәлімдеме жасады: «Қытай Украинада болып жатқын соңғы оқиғаларды жіті бақылап отыр. Қауіпсіздік Кеңесінің алғашқы екі отырысында Қытай өз ұстанымын толық түсіндірді. Қазіргі жағдайда барлық мүдделі тараптар ұстамдылық танытып, шиеленісті ушықтыратын кез келген әрекеттерден аулақ болу керек. Біз дипломатиялық шешімге қол жеткізуге бағытталған барлық күш-жігерді құптаймыз және қолдаймыз, сондай-ақ барлық мүдделі тараптарды теңдік пен өзара құрмет негізінде бір-бірінің алаңдаушылығына негізделген шешімдерді іздеу үшін, өзара сенімді диалог пен консультацияларды жалғастыруға шақырамыз.
Украинадағы жағдайдың қазіргі жағдайға дейін дамуы бірқатар күрделі факторлардың нәтижесі болып табылады. Қытай әрқашан осы мәселенің мәні бойынша өз ұстанымын шешіп келеді және барлық елдер халықаралық дауларды БҰҰ-ның жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына сәйкес бейбіт жолмен шешуін жақтайды».
people.cn © People's Daily Online