Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 ақпан
Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды

Қазақстанның бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылғы 19 ақпанда Бас прокуратура бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 452-бабы әрекетсіздік фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - деп жазылған ҚР Бас Прокуратурасының хабарламасында.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, 2022 жылғы 20 ақпанда М. К. Бектанов осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды», - дейді Қазақстанның Бас Прокуратурасының баспасөз қызметі.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото