Орталықтың ауылды жандандыру туралы 2022 жылғы №1 құжаты жарияланды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 ақпан

22 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы 22 ақпанда Орталықтың 2022 жылғы №1 құжаты «Қытай Коммунистік партиясы орталық комитеті мен Мемлекеттік кеңестің 2022 жылы ауылды жандандырудың негізгі жұмыстарын жан-жақты ілгерілетуді тыңғылықты атқару туралы пікірлері» жарияланды.

Ауылды реформалау және ауыл шаруашылығын дамыту бойынша нақты шараларды қабылдау, ауыл шаруашылығы, ауылдық жерлер және фермерлер тақырыбына арналған Орталықтың №1 құжаты 21 ғасырдан бері 19-ыншы рет жолданып отыр.

Пікірдің толық мәтіні 8 бөлімнен тұрады. Оның ішінде төмендегідей маңызды шешімдер көрсетілген:

Жыл бойына егіс алқабы мен астық өнімі тұрақталып, өнім көлемін 650 миллион тоннадан жоғары ету керек.

Ірі және орта қалалардағы көкөніс алқаптарының санын жыл бойына тұрақтандыру, сиыр еті, қой еті және сүт өндірісін кеңейтуді жеделдету, жайылымдық мал шаруашылығын түрлендіру және жаңарту бойынша тәжірибелік үлгілерді насихаттау.

Партия мен үкімет егістік жерлерді қорғауды міндет етіп, 120 миллион гектар егістік жердің қызыл сызығы қатаң сақталады.

Ауылдың бұрыннан бар іргетасын негізге ала отырып, ауылдық құрылысты жүргізу; Ескі ауылдарды негізсіз бұзып, жаңа ауылдарды тұрғызбау; Ыысырапшылдыққа жол бермеу, жарамсыз инвестицияларды жою және ауыл деңгейіндегі қарыз тәуекелдерін болдырмау.

Кедейлікпен күресу аймақтарында даму арқылы кедейлікпен күресу саласындағы жетістіктерді бекемдеуге сүйену, кедей жандардың өмірін анағұрлым жақсарта түсу.

Жергілікті органдар қалалық дырындылардың ауылды жандандыруға қызмет етуі үшін ауылға баруға ынталандыратын саясат шығару.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото