Қытайдың автокөлік экспорты 2 миллионнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 23 ақпан
Қытайдың автокөлік экспорты 2 миллионнан асты

23 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың автокөлік өндірісі мен сатылымы 2018 жылдан бергі үш жылдық құлдырауды аяқтай отырып, тиісінше 3,4% және 3,8% өсіп, 26 миллион данадан асты. Сонымен қатар, Қытайдың автокөлік экспорты өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсіп, 2 миллионнан асқан. Ал жаңа энергия көліктерінің экспорты ұқсас мезгілмен салыстырғанда 304,6% өсіп, сұраныс қауырт жоғарылаған.

Бірнеше күн бұрын Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығы қаңтар айындағы автомобильдің экспорт жағдайын жариялады. Мәліметтерге сәйкес, ағымдағы жылдың қаңтар айында отандық автомобиль экспорты 231 мың данаға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 87,7% өскен. Оның ішінде жаңа энергия жолаушылар көліктерінің экспорт саны 54 мыңға жетіп, сәйкес мезгілмен салыстырғанда 538,7%-ғаөсуді көрсеткен.

Қытай автомобиль өндірушілері қауымдастығының бас инженерінің орынбасары Шю Хайдун атап өткендей, қазіргі әлемдік электр көліктер нарығының қарқынды кеңеюі Қытайдың жаңа энергетикалық көлік экспортына тамаша қолдау болды. Қытайдың жаңа энергетикалық көлік өнімдері салыстырмалы түрде жақсы бәсекеге қабілетті және үлкен экспорттық әлеуетке ие.

Жақында SAIC Group еуропалық нарықта биылғы жылы барлық күш-жігерін салатынын және өзінің MG және MAXUS брендтерінің Еуропадағы сату көлемін 120 000 данаға жеткізе алатынын ресми түрде жариялады. SAIC-тен басқа, Great Wall Motor, Geely, Lynk & Co, Weilai, Xiaopeng, AIWAYS, WM Motor және Lantu сияқты автомобиль компаниялары да шетелге бағытталуға күш салуда. Өнеркәсіп инсайдерлері Еуропа нарығы Қытайдың автокөлік экспортының негізгі өсу түйініне айналуда дейді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото