Мемлекеттік халық құрылтайы өкілдері жиналысының ақпараттық платформасы 23 ақпанда ресми түрде іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 ақпан

24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік халық құрылтайы өкілдері жиналысына арналған ақпараттандыру орталығы 23 ақпанда ресми түрде іске қосылды және ол өкілдердің ұсыныс қойу, тапсыру, жұмыс бітіру, сөйлесу, жауап беру, кері байланыс беру және тексеру сынды барлық жақтарын онлайн режимінде жасауын жүзеге асырады.

Мемлекеттік халық құрылтайы тұрақты комитетінің бас хатшысы Ян Чжэньу Мемлекеттік халық құрылтайы өкілдері платформаны белсенді түрде қолданып, ақпараттық технологияны пайдаланып, өз міндеттерін орындау қабілетін жетілдірсе деп үміттенетінін айтты.

Бұған қазіргі уақытта 2500-ден астам өкіл тіркелген. 31 өлке, автономиялық регион, төте қарасты қалалардың Халық құрылтайы өкілі байланыс органы, Бүкіл ұлттық халық құрылтайы арнайы комитеттері және тұрақты комиссияның жұмыс комиссиялары сынды 200-ден артық жалпы бөлімдер өкілдердің жұмыс ақпараттандыру платформасын енгізді және пайдаланды.

Мәліметтерге сәйкес, биыл Мемлекеттік халық құрылтайы жиналысы кезінде Мемлекеттік кеңестің бас кеңсесінің онлайн арналары арқылы Мемлекеттік халық құрылтайы өкілдері үкімет жұмыстарының баяндамасы мен үкімет жұмысы туралы ұсыныстар жасай алады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото