Қытайлық компанияның Оңтүстік Америкадағы бірінші қалқанды туннель салу метро жобасы іске қосылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 ақпан

24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Жергілікті уақыт бойынша 17-інші ақпан күні түстен кейін Чилидің Сантьяго қаласында Metro Line 7 жобасын бастау шарасының салтанаты өтті. Қытай теміржол құрылыс корпорациясы жүзеге асыратын осы жобаның 1-інші конкурстық бөлімі Қытай компаниясының қалқанды туннельді пайдаланатын Оңтүстік Америкадағы бірінші метро жобасы болып табылады. 1-інші бөлімнің жалпы ұзындығы 7,898 шақырым болатын 7-жолдың ең маңызды учаскесі. Бұл маңызды жобаға 6,662 шақырым қалқандық туннель құрылысы, 7 арал станциясы мен құрылыс оқпандары кіреді. Жоба аяқталғаннан кейін бүкіл желінің қатынауына небәрі 43 минут кетеді. Бұл екі терминал арасындағы жол жүру уақытын 54%-ға қысқартады және 1,36 миллионнан астам тұрғынға жылдам әрі ыңғайлы туристік қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото