Қазақстан ұшақтарының Украина аспанында ұшуына тыйым салынды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 ақпан
Қазақстан ұшақтарының Украина аспанында ұшуына тыйым салынды

Қазақстанның әуе компанияларына Украинаның әуе кеңістігінің үстінен ұшуға тыйым салынатыны туралы нұсқаулар жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Украина аумағында азаматтық авиацияның қауіпсіздігіне төнетін қауіпке және NOTAM жариялаған Днепр, Львов, Симферополь, Одесса, Киев және әскери іс-қимылдармен байланысты басқа да аймақтарда ұшуға тыйым салғандықтан отандық компанияларының барлығына Украинаға және бұл елдің үстімен ұшуға тыйым салынады.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тұрақты, жүк және чартерлік әуе тасымалдарын орындайтын отандық әуе компанияларына жағдай тұрақталғанға дейін Украина аумағына және оның әуе кеңістігінің үстінен азаматтық әуе кемелердің ұшуларына тыйым салу туралы тиісті нұсқаулар (радиограммалар) жіберді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото