Биыл Шыңжаңның Қорғас портынан өткен Қытай-Еуропа пойыздарының саны 1000-ға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 ақпан

24 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің 23-і күні Шыңжаң Қорғас темір жол портынан алған ақпаратына сәйкес, 23 ақпанға дейін порттағы Қытай-Еуропа пойыздарының биылғы саны 1000-ға жеткен.

23 ақпан сағат 10:20-да 50 стандартты қорапқа күнделікті тұрмысқа қажетті заттар, тұрмыстық техника және механикалық бөлшектерді тиеген 2019 Қытай-Еуропа пойызы Қорғас темір жол порты арқылы елден шықты. Чжэцзян қаласынан жолға шыққан бұл пойыз Өзбекстанның Ташкент қаласына барады. Бұл биылғы жылы Қорғас порты арқылы өтетін Қытай-Еуропа бағытындағы 1000-ыншы пойыз, демек, аталған мақсатқа 2021 жылмен салыстырғанда 6 күн бұрын қол жеткізіп отыр.

«Қорғас» теміржол вокзалы пайдалануды басқару бөлімінің экономист көмекшісі Чен Кайцян порттың тасымал ұйымдастыруын жалғастырып жатқанын, қайтар жолда алатын тауар көзін кеңейтумен бірге ақылды порттың құрылысын тездеткенін айтты. «Қытай-Еуропа жүк пойызының платформасына сүйене отырып мультимодальды жақсартылды, кедендік ресімдеу процесі оңтайландырып, кеденнен өту уақыты қысқарды. Сондай-ақ Қазақстан теміржол басқармасымен үйлестіру мен байланыс нығайып, пойыздар қозғалысының сапасы мен тиімділігі артты»,-деді Чен Кайцян.

Ақпараттарға сәйкес, 2016 жылдың наурыз айында Қытай-Еуропа арасындағы алғашқы пойыздың қатынауынан бастап Қорғас теміржол порты 18 ел мен 45 қаланы, соның ішінде Германия, Польша, Түркия, Ресей және т.б. торапты қамтитын 29 тұрақты желісі бар халықаралық логистикалық қызметке айналды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото