Си Цзиньпин: күрес арқылы тамаша өмір құрып, Отан мен халыққа жастық жігер мен күш-қуат сыйлаңыздар

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 ақпан

25 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП Орталық Комитетінің Бас Хатшысы, ҚХР Төрағасы, Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин 24 ақпанда қытайлық сноубордшы Су Иминге жауап хат жазып, жеңімпазды және қытайлық қар-мұз спортшыларын тамаша нәтижелерімен құттықтап, олардан үлкен үміт күтетінін білдірді.

Си Цзиньпин өз жауабында: «Қытайдың мұз-қар спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында жан аямаған табандылықтары мен мықты дайындықтарының арқасында тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Баршаңызды құттықтаймын! Алғыс айтамын!»,-деді.

Си Цзиньпин былай деді: Өз хатыңда ұлы елде туып, ең жақсы заманда есейіп, арманыңды еңбек арқылы жүзеге асырғаның үшін өзіңді бақытты сезінетініңді айтқан екенсің. Жаңа дәуір – жастардың алға қойған мақсаттарының орындалып, армандарына жететін дәуірі. Жүрегіңе Отанды ұялатып, биік мақсат ұстанып, табандылықпен күресу арқылы тамаша өмір орнатып, Отан мен халыққа жастық жігер мен күш-қуат қосуыңа тілектеспін».

Еске сала кетсек, жуырда Су Имин Төраға Си Цзиньпинге хат жазып, Төрағаның ілімін жадында сақтап, талмай жаттығып, мүмкіндіктері мен армандарын жүзеге асыру жолындағы күрес барысын баяндаған еді. Сонымен бірге тынымсыз еңбек етіп, саналы, ерік-жігері мол жастардың қатарында Отанына үлес қосуға дайын екендігін нық сеніммен жеткізген болатын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото