Қазақстандық қытай медицинасын үйренуші жігіт: «Мен бөтен елдікімін, бірақ бөтен емеспін»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 ақпан

25 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Үстіміздегі жылдың қаңтар айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қытай мен Орталық Азиядағы бес ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар орнағанының 30 жылдығына арналған бейне саммитте сөйлеген сөзінде қазақстандық жас жігіт Исмаил Дауровтың Шэньси өлкесінде індет кезінде еріктілер қатарында болып, індетпен күрескен ізгі ісін атап өткен еді. Төраға Си Цзиньпин өз сөзінде: «Соңғы 30 жылда біз бір-бірімізді жақсы білдік, бір-бірімізбен жақын араластық. 58 жұп дос қалаларға жыл сайын неше мыңдаған адамдар келіп-кетіп, Қытай мен Орталық Азия елдері халқының 2000 жылға созылған достығын жалғастырып келеді. Шэньсидегі індетпен күресте өз үлесін қосқан Қазақстандық Исмаил Дауровтың «мен бөтен елдікімін, бірақ бөтен емеспін» деген сөзі сансыз қытайлықтарды тебірентті», - деген болатын. Ендеше біз осы Қазақстандық азаматпен танысайық. 

Исмаил Дауровтың қытайша есімі Ма Вэньсюань. Ол Қытайдағы Шэньси дәстүрлі қытай медицинасы университетінде оқиды. Әкесі туған жерінде қытай емшілігімен шұғылданады. Ауылдағы науқастардың қытай медицинасынан емделіп жатқанын көргеннен кейін, Исмаил Дауровтің бала жүрегінде ержеткен соң Қытайға барып сол елдің медицинасын оқысам деген арман пайда болған екен.

Қытайға келгеніне 10 жылға таяған Исмаил «тіл қиындығын» жеңіп, қытай дәстүрлі медицинасының негізгі құпиясын меңгеріп, айналасындағылардың ықыласына бөлене бастады. Бірте-бірте Шэньси оның екінші мекеніне айналып кетті.

2021 жылдың аяғында Шэньсиде індет орын алған кезде, Исмаил Дауров өзінің кәсіби мамандығы бойынша адамдарға көбірек көмектескісі келіп, «мен бөтен елдікімін, бірақ бөтен емеспін» деп жергілікті жердің эпидемияға қарсы еріктісі ретінде тіркелуге шешім қабылдады.

Эпидемия кезінде Исмаил Дауров тұрғындарға тұрмыстық материалдарды жеткізуге жауапты болады. Бұған қоса, Исмаил Дауров нуклеин қышқылын тексеруге және қауымдастық тәртібін сақтауға көмектесті. Шэньси мақамы қосылған қытай тілінде сөйлеп жүрген Исмаилды ешкім де шетелдік азамат деп ойламайды.

Оның  «мен бөтен елдікімін, бірақ бөтен емеспін», - деген сөзі Қытай мен Орталық Азиядағы бес ел халқының арасындағы терең достықтың айғағы. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото