Шыңжаңдағы кедейшілікпен күрескен ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы 14798 юаньға жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 ақпан

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- 2021 жылы Шыңжаң кедейшілікпен күресу жетістіктерін нығайту және кеңейту барысын ауылды жандандыру құрылысымен тиімді байланыстырды. Кедейліктен құтылған халықтың табысы жаңа өсімге қол жеткізіп, кедейлікпен күрес аймақтарындағы ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы 14798 юаньға жетіп, өткен жылғы сәйкес мезгілден 12,08%-ға өсті.

25 ақпанда Шыңжаңда өткен баспасөз мәслихатында 2021 жылы Шыңжаңдағы кедейліктен құтылған шаруалардың жан басына шаққандағы таза табысы 13 мың 343 юаньға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,55 пайызға өскені және бүкіл регион бойынша орташа деңгейінен жоғары болғаны жарияланды.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы ауылды жандандыру бюросының қызметкері Чень Лэй 2021 жылы Шыңжаң кедейшілікке жол бермеу үшін кедей тұрғындарды нақты сүйемелдеуді жүзеге асырып, өнеркәсіптердің дамуын жақсарту және жұмыспен қамтуды тұрақтандыру сияқты шараларды бекіту тұжырымдамасымен таныстырды.

Өткен жылы Шыңжаң халықты жұмыспен қамтуды кеңейту сияқты көпшілікке пайдалы жобаны жүзеге асырды. Ауылдық жұмыс күшін ауыстырып орналастыру саны 3 миллион 174 мың адам болды, 1 миллион 477,8 мың адам түрлі кәсіптік дағдыларды оқыды. Жергілікті жерде немесе жақын аймақта жұмыспен қамту және жұмыс орындарын жүйелі түрде ауыстыру арқылы, жыл бойына 1,0823 миллион кедейшіліктен құтылған жандарды жұмыспен қамту тұрақтанды. Бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 2,3%-ға өсті.

Чень Лэй былай деп таныстырды: «Үстіміздегі жылы Шыңжаң үздіксіз және нақтылы сүйемелдеу арқылы кедейлікке жол бермеу негізінде өнеркәсіп пен жұмыспен қамту сынды «екі кілтті» қолға алып, өнеркәсіпті дамытуға арналған арнайы қаражатты тиімді пайдаланып, кедейшілікпен күресу аймақтарында өнеркәсіптерді ұзақ мерзімді дамытуды жалғастырады. Еңбек күшін көп қажет ететін өнеркәсіптерді қарқынды дамытып, тиімді және жергілікті ерекшелікке ие өнеркәсіптерді күшейтіп, оңтүстік Шыңжаңдағы төрт аймақ-облысты негіз етіп, мақта (мақта, тоқыма), жүзім және шарап өнеркәсібін құруға басымдылық береді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото