Қытай мен «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдер арасындағы тауар айналымының көлемі ең жоғары деңгейге жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 ақпан

28 ақпан, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің бірнеше күн бұрын Сауда министрлігінен алған ақпаратына сәйкес: 2021 жылы еліміз бен «Бір белдеу, бір жол» бойында орналасқан елдер арасындағы тауар айналымының көлемі 11,6 триллион юаньға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,6 пайызға артты. Сөйтіп сегіз жылдағы ең  жоғары көрсеткішті орындады. Бұл еліміздің жалпы сыртқы саудасының 29,7 пайызын құрайды. Қытай-Еуропа желісінде жыл бойына 15 000 пойыз қатынап, 1,46 миллион TEU тасымалдады, бұл өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 22% -ға және 29% -ға өсті. Еліміз үнемі ортақ кеңесу, ортақ құру және ортақ пайда қағидатын ұстанып келеді. Жоғары стандартты, тұрақты және халыққа пайдалы болу мақсатында Қытай тиісті тараптармен «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жоғары сапалы дамытуға ықпал етіп, нақты және қомақты табыстарға қол жеткізіп, бірлескен дамушы елдермен ортақ дамуға, өзара тиімділікке және ортақ нәтижеге жетуді орындады.

Инвестициялық ынтымақтастықта жаңа жетістіктерге жетті. 2021 жылы еліміздің желі бойындағы елдерге салған тікелей инвестициясы 138 миллиард 450 миллион юань болып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға артып, жалпы шетелге салған инвестицияның 14,8 пайызын құрады. «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердің кәсіпорындары да Қытайдың даму мүмкіндіктеріне оптимизммен қарайды. Елімізге салынған тікелей инвестиция алғаш рет 10 миллиард АҚШ долларынан асып, 11,25 миллиард долларды құрады. «Бір белдеу, бір жол» жобасының құрылысы тұрақты түрде жүріп келеді және Қытай кәсіпорындары жол бойы елдеріндегі келісім-шарт жобалары бойынша 578 миллиард 570 миллион юань тауар айналымын орындап, жалпы шетелдік келісім-шарттың 57,9 пайызын құрап отыр.

Механизм платформасы жаңартылды. 2021 жылы еліміз тиісті елдермен кедергісіз сауда және екіжақты инвестициялық ынтымақтастық бойынша 8 жаңа жұмыс тобын құрып, ынтымақтастық тетігін барған сайын жетілдіріп, байланыс арналарын молайта түсті. Сонымен бірге Қытай халықаралық импорт көрмесі, қызмет көрсету сауда жәрмеңкесі, Кантон жәрмеңкесі, Қытай-АСЕАН көрмесі, Қытай-Африка экономикалық және сауда көрмесі сияқты көрмелер табысты өтіп, бірлескен елдермен экономикалық және сауда ынтымақтастығын ілгерілетуге ықпал етті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото