Қазақстан «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 наурыз
Қазақстан «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды

Бүгінгі съез барысында Қазақстан «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгерту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Қазақстандағы ең ірі партияны қайта жаңғырту бағытындағы ұсыныстарға қолдау көрсеткені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын айтты.

«Құрметті делегаттар, бүгінгі съезде партияның модернизациясы тұрғысында айтылған барлық ұсыныстарды, оның ішінде партияның модернизациялау бағдарламасы, жаңа атауы мен белгісі бойынша қабылдау үшін дауысқа саламыз», - деді партияның атқарушы хатшысы.

Делегаттар съезде ұсынылған бастамаларды қолдап, тиісті қаулы қабылданды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанның Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының атауын «Аманат» деп өзгертуді қолдады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото