2021 жылы ел тұрғындарының жан басына шаққандағы кірісі 35 128 юань болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 наурыз

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық статистика бюросы 28 ақпанда жариялаған «2021 жылғы ұлттық экономикалық және әлеуметтік даму статистикалық бюллетені» 2021 жылы ұлттық тұрғындардың жан басына шаққандағы қолдағы табысы 35 мың 128 юань болып, өткен жылмен салыстырғанда 9,1 пайызға артатынын көрсетеді. Баға факторларын шегергенде нақты өсім 8,1% құрайды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ өсу қарқынынан жылдамырақ,ЖІӨ-нің өсу қарқынына сәйкес. Бүкіл ел бойынша тұрғындардың жан басына шаққандағы таза кірісі 29 975 юань болып, 8,8%-ға өсті.

Тұтыну деректеріне қарағанда, 2021 жылы ұлттық тұрғындардың жан басына шаққандағы тұтыну шығыны 24 мың 100 юань болып, өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға өсті. Баға факторларын шегергеннен кейін нақты өсім 12,6% болады.

Ұлттық тұрғындардың Энгель коэффициенті 29,8% құрады, оның ішінде қалада 28,6%, ауылдық жерде 32,7%.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото