2021 жылы көліктің негізгі капиталына салынған инвестиция 3,6 триллион юаньды құрады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 наурыз

1 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік кеңестің ақпарат кеңсесі 28 ақпанда баспасөз мәслихатын өткізіп, 2021 жылы ұлттық көлік саласы жоғары сапалы дамуға қол жеткізіп, «14-бесжылдық жобасы» жақсы басталғанын білдірді.

Ли Сяопэн былай деді: 2021 жылы ҚКП орталық комитеті мен мемлекеттік кеңес «Ұлттық жан-жақты үш өлшемді көлік желісін жобалау жоспарын» шығарады, ол елдің көлік саласының болашақ дамуы үшін ірір бағыт-бағдар көрсетеді. Бұл ретте Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты тасымалдау жөніндегі 2-ші жаһандық конференциясын сәтті ұйымдастырды. Конференцияға 171 ел мен 61 халықаралық ұйымның өкілдері қатысып, жаһандық көлік ынтымақтастығы үшін консенсус қалыптастырды.

2021 жылы көлік саласы бұқараны толғандыратын, халықтың мұқтаждықтары мен әлеуметтік мәселелерін қозғайтын бірқатар күрделі және қызу мәселелерді шешті. Өткен жылы көліктің негізгі капиталына салынған инвестиция 3,6 триллион юань болып, өткен бір жылмен салыстырғанда шамамен 4 пайызға өсті. Сычуань-Тибет темір жолы мен оның тірек магистральдары сияқты көптеген ірі жобалар жүйелі түрде жүзеге асырылды. Жыл бойына жаңадан ашылған теміржол желілері 4000 километрден, ал жаңа экспресс жолдар 8000 километрден асты. Жаңа және жақсартылған жоғары деңгейлі су жолдары 1000 шақырымға жуықтады, жаңадан 7 азаматтық және көлік әуежайы сертификатталды, жаңадан қосылған қалалық теміржол транзитінің жұмыс жүрісі 1000 километрден асты.

Ли Сяопэн «күшті көлік елі» құрылысын жеделдету үшін 2022 жылы 3300 шақырымнан астам жаңа теміржол желісін қосу, 8 мың шақырымнан астам жедел жолды жаңадан жөндеу және кеңейту күтілетінін атап көрсетті. Сонымен қоса 700 километрден астам жоғары сапалы су жолдары қосылады және жетілдіріледі. 8 азаматтық және көлік әуежайы сертификатталады, жаңа ауылшаруашылық өнімдеріне арналған «жасыл арна» және кәсіпорындарды қиындықтан құтқару сияқты бірқатар саясаттар жалғасты әрі тыңғылықты атқарылады. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото