Си Цзиньпин: Әлемдік деңгейдегі кәсіпорын құрылысын жеделдету керек

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 наурыз

2 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- ҚКП орталық комитетінің бас хатшысы, мемлекет төрағасы, орталық әскери кеңестің төрағасы, орталық реформаны жан-жақты тереңдету комитетінің директоры Си Цзиньпин: «Еліміз әлемдік деңгейдегі кәсіпорындардың құрылысын тездетіп, базалық пәндер бойынша дарындыларды дайындауды күшейтуі керек »,-деді.

Бұл Си Цзиньпин Орталықтың реформаны жан-жақты тереңдету комитетінің 24-ші отырысына төрағалық еткендегі сөйлеген сөзі.

Отырыста жоғарыда аталған мәселелер бойынша бірнеше директивалар қаралып, мақұлданды, сондай-ақ инклюзивті қаржыландыруды сапалы дамытуға жәрдемдесу және мемлекеттік кәсіпорындардың өзіндік технологияларды әзірлеу қабілетін арттыру бойынша басқа да ұсыныстар қабылданды.

Жиынға төрағалық ету кезінде Си Цзиньпин Қытай тамаша өнімі, көрнекті брендтері, алдыңғы қатарлы инновациялары және заманауи басқаруы бар әлемдік деңгейдегі бірқатар кәсіпорындарды құрып шығуды жеделдету керек екенін баса айтты.

Қытай сонымен қатар инклюзивті қаржының жоғары сапалы дамуына ықпал етіп, халықтың және нақты экономиканың әртараптандырылған қаржылық қажеттіліктерін жақсырақ қанағаттандыру үшін жоғары бейімделгіш, бәсекеге қабілетті және инклюзивті заманауи қаржы жүйесін жетілдіреді.

Си Цзиньпин елдің инновациялары мен дамуына аса қажетті іргелі зерттеулер жасайтын дарындыларды бар күшпен молынан дайындау керектігін баса айтты.

Си Цзиньпин сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың инновациялық жүйесін жетілдіру, инновациялық қаблетін арттыру, инновациялық өміршеңдігін ынталандыру арқылы өнеркәсіп тізбегі мен инновация тізбегінің терең интеграциясына ықпал етуді ұсынды.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото