Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 наурыз
Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Бүгін Қазақстанның Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Мәжіліс депутаты Д. Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.

«Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді А. Смағұлов.

Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдау білдірді.

Еске сала кетейік, биыл 25 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы шығарды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото