- Барлық ақпарат
Минус 40 градус аязда Тибет бөкендеріне жем-шөп жеткізілді
![]() |
2 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тибет (xizang)автономиялық регионы Али аймағында қыста минус 40 градус суық болып, жайлауда қақаған аяз тұрды. Мұндағы 100 000 шақырымнан астам Цянтан жайлауында 10 000-нан астам Тибет бөкендері мекендейді. Аудандық орман және жайлау шаруашылығы бюросының директоры Риньзин Лорбу таң атпастан осында келіп, тибет бөкендеріне азық-түлік жеткізіп беріп жүр.
Қазан айынан бастап Цянтаң жайлауының температурасы күрт төмендеп, аймақты қалың қар басып қалды. Тибет бөкендері аштық пен суықтан қырылып қалмау үшін Риньзин Лорбу басқа жерден жем-шөп сатып алып жайлауға жеткізіп береді екен.
8 күнде Ринзин Лорбу 2000 шақырым жерді күзеткен. Оның айтуынша, жылына 60-70 мың шақырым жол басып өту - орман және жайлым шаруашылығы бюросы қызметкерлерінің міндеті. Гейзе ауданы 130 000 шаршы шақырымнан астам аумақты құрайды. Қызметкерлер жайылымдық алқаптардың едәуір аумағын басқарады. Көсілген суық әрі теңіз деңгейінен биік жайлау үстірт жануарларының тамаша тіршілік ортасына айналған. Сондықтан бұл жабайы жануарларды қарау орман және жайылым шаруашылығы бюросы қызметкерлеріне қиындық туғызады. Ринзин Лорбу осындай жауапты міндетке қабақ шытпастан, қайта «жануарлардың осында өрбіп-өсуі - біздің қызметімізге берілген ең үлкен мадақтау», - дейді.
people.cn © People's Daily Online