Brent мұнайының бағасы 2014 жылдың тамызынан бері алғаш рет 108 доллардан асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 наурыз

2022 жылдың мамыр айында Лондонның ICE биржасында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерсінің құны 3,05%-ға қымбаттап, барреліне $108,17-ға дейін өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Brent мұнайының құны барреліне $108,46 деңгейінде саудаланып, 3,32%-ға дейін өсті. Соңғы рет Brent бағасы 2014 жылдың тамызында барреліне 108 доллардан асты. WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 3,81%-ға артып, барреліне 107,22 долларға дейін қымбаттады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото