Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің ұлттық комитеті «Жылдың үздік ұсынысын» қалай таңдайды?

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 3 наурыз

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің Ұлттық комитеті соңғы кездері жылдың үздік ұсыныстардын жариялап келеді. Жыл сайынғы үздік ұсыныс қалай бағаланады? Ол қалай пайда болды? Бұл CPPCC-тің барлық мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарын толғандыратын ортақ мәселе.

Ақпанның 24-інде Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі ұсыныс комитетінің баспасөз отырысында Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі XIII Ұлттық комитетінің тұрақты комитет мүшесі және ұсыныс комитеті директорының орынбасары Ци Цзяньго: «Жыл сайынғы үздік ұсыныстарды іріктеу Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесінің XIII ұлттық комитетінің жаңа шарасы болып табылады. Мақсаты – ұсыныстардың жоғары сапада дамуына ықпал ету», - деді.

Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің XIII ұлттық комитеті 2019 жылы 2018 жылдың үздік ұсыныстарын таңдағаннан бері, төрт жыл қатарынан «Жылдың үздік ұсынысын» бағалап келеді. 2018 жылы Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің ұсыныс жұмысы жөніндегі 7-нші отырысы өтіп, ұсыныстардың сапасын арттыруға арналған алғашқы арнайы құжат қабылданды. 2019 жылдың тамыз айында Ұсыныс комитеті іріктеу және сынақтан өткізу бойынша тиісті шараларды да бекітті.

Үздік ұсыныстарды таңдаудың үш басқышы туралы Ци Цзяньго мыналарды айтып берді:

Біріншіден, іріктеуде ұсыныстардың репрезентативтілігі мен үлгілік сипаты қарастырылады. Жыл сайынғы үздік ұсыныстар Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің жалпы отырысындағы және сессия аралық кезеңдегі ұсыныстардың ішінен іріктелетінін және ұсыныстардың жалпы санының 1 пайызын құрайтынын атап көрсетті: «Жүзден бірі таңдалады».

Екіншіден, іріктеу шартында оның дәурілік сипаты мен халықтық сипаты ескерілген. Ци Цзяньго осы негізде үш шарт алға қойылғанын айтты: ұсыныстың нақтылығы, сәйкестілігі және нәтижесінің қолданбалылығы. «Үздік ұсыныс үздік нәтижелерге, әсіресе әлеуметтік қолданыстарға ие болуы керек. Халыққа қажетті нақтылы, игілікті жұмыстарды атқаруда маңызды рөлге ие болуы тиіс».

Үшіншіден, іріктеу процесінде демократия мен нормативтілік ескеріледі. Бұл төрт бөлімге жіктеледі: ұсыныстарды жинау, алдын ала бағалау, талқылау және жариялау.

Ци Цзяньго былай деді: Қытай халықтық саяси консультативтік кеңесі XIII ұлттық комитетінің ұсыныс комиссиясы 2021 жылдың үздік ұсыныстарын іріктеуді аяқтады. Олардың ішінен 60 ұсыныс таңдалды. Биылғы жыл - Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің XIII ұлттық комитетінің қорытынды жылы. Ұсыныс комитеті сонымен қатар бес жыл сайын бағаланатын тамаша ұсыныстар мен озық ұйымдастырушыларды іріктеу мен мадақтауды да жүзеге асырады. "Бұл осы кезекті саяси консультативтік кеңес отырысының маңызды оқиғасы саналады». 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото