Бамбук тоқитын жас қыз Ян Чанцинь: заттық емес мәдени мұраны заманға сәйкестірейік

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 3 наурыз

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Сәлеметсіздерме, мен Ян Чанцинь, XIII мемлекеттік Халық Құрылтайының өкілімін және Чишуй бамбук заттық емес мәдени мұрасының алтыншы буын мұрагерімін. Көпшілік менің артымдағы тау теңіз бамбукті көрген боларсыздар...» деп Ян Чанцинь Гуйчжоу өлкесінің, Чишуй қаласындағы бамбук орманында ұялы телефонмен желі қолданушыларына туған қаласындағы бамбук өнеркәсібін таныстырып жатыр.

Чишуй - Қытайдағы он ірі бамбук мекендерінің бірі. Ондағы бамбук орманының ауданы 1,328 миллион муды құрайды және бұл жерде 200 000 астам адам бамбукпен байланысты өндіріс жұмысымен айналысады. Жас Ян Чанциньді ең көп ойландыратын іс - қайткенде дәстүрлі эстетика мен заманауи эстетика арасындағы теңдікті тауып, дәстүрлі мәдениеттің «ескі ағаштарына жаңа гүлдер ашқызу» болатын.

Заттық емес мәдени мұраны қайта жандандырып, заманға сәйкестіру үшін Ян Чанцинь Шанхай сынды қалалардағы өнер колледждері мен университеттерінде білім алды. Қайтып келгеннен кейін жаңа техникаларды бамбук тоқуға пайдаланып, бамбуктан тоқылған фарфор, зергерлік бұйымдар, зен хош иісті қыздырғыштар және қолөнер бұйымдарын жасап. Нарықта өз орнын тапты.

2021 жылы 34 тіркелген сауда белгісі және 12 өнертабыс патенті бар Ян Чанцинь компаниясының өнім көлемі 10 миллион юаньнан асты. Сондай-ақ серіктестік 100-ден астам жергілікті ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып, 177 үйдегі 570 адамның байуына көмектесті.

2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ян Чанциньнің бамбук тоқу шеберлігін отбасы әйелдері, қоныс аударған сүйемел отбасылар, мүгедектер, мектеп оқушылары сынды адамдар үйренеді. Оның жылына баулып шығатын адам саны 10 мыңнан асады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото