Құрбан Нияз: Мемлекеттік ортақ тілді дәріптеу Шыңжаңның ауылдық жердегі шәкірттерінің биікке өрлеуіне көмектеседі

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 3 наурыз

3 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- «Біздің он екінші кезекті түлектеріміздің арасынан 600-ден астам оқушы Шыңжаңдағы түйінді орта сыныптарына үздік нәтижелермен жолдама алды, 300-ден астам оқушы әртүрлі өлке-қалалардағы түйінді жоғары сыныптарына қабылданды». Мемлекеттік XIII халық құрылтайының өкілі, Шыңжаңның Ақсу аймағы, Үштұрпан ауданы, Алға қалашығындағы Мемлекеттік ортақ тілдегі бастауыш мектебінің директоры Құрбан Нияз жақында Қытай ақпарат агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Мемлекеттік ортақ тілді дәріптеу оқушылардың үздік оқуына дем беріп, болашаққа батыл қадам басуына ықпал етеді деді.

Осыдан он тоғыз жыл бұрын Құрбан Нияз Шыңжаңда Мемлекеттік ортақ тілдегі алғашқы жекеменшік бастауыш мектепті құру үшін 600 000 юаньнан астам қаржы жұмсады. “Туған жерімнің келбетін білім арқылы өзгерткім келеді”. Мемлекеттік ортақ тілді дәріптеу арқылы білімді жастардың ауылдан шығып, кәсіби маман ретінде еліміздің түкпір-түкпірінде еңбек етуін қалаймын», - деді Құрбан Нияз.

Мектеп ашылған алғашқы мезгілдерде Құрбан Нияз екі мұғалімді ертіп алып үй-үйді аралап, шәкірттерді жинайтын. «Мен 400-ден астам үйді аралап үгіт жасап жүріп, бар болғаны мектепке 87 оқушыны қабылдадым, оның жартысы сабақтың бірінші күні кетіп қалды»,-деді Құрбан Нияз. Ал қазір көптеген жергілікті ата-аналар балаларын осында өздері әкеледі. Бір жылдық қабылдау бағдарламасы 120-ға жетпейді, ал осы орынға 2000-нан астам оқушы өз бақтарын сынайды.

Бүгінгі таңда Үштұрпан ауданының, Алға қалашығындағы мемлекеттік ортақ тілдегі бастауыш мектебінде толық аппараттық және бағдарламалық құралдар бар. Шәкірттер мемлекеттік ортақ тіл мен жазуды үйренумен бірге, мектепте Шыңжаң оқу бөлімінің талабы бойынша апта сайын ұйғыр тілін үйрену үшін арнайы сабақтар ұйымдастырылады.

Үстіміздегі жылдың 4 ақпанында Құрбан Нияз Бейжіңдегі қысқы Олимпиада алауы эстафетасының «Жазғы сарай» алаңында №20 алаугері болды. «Мен Бейжің қысқы Олимпиадасының алаугері болғанымды мақтан тұтамын және бақыт деп санаймын!», - деп Құрбан Нияз мектепке оралған соң оқушылармен және ұстаздармен қуанышын бөлісті.

"Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада – спорттың дүбірлі тойы, сонымен қатар Қытай даналығына толы үлкен оқиға. Қысқы Олимпиаданың рухын алау эстафетасы сияқты ұрпақтан ұрпаққа жеткізгім келеді", - деді Құрбан Нияз.

Құрбан Нияз қазір көптеген оқушылардың өздері негізін қалаған мектепті бітіргеннен кейін Цинхуа университетіне, Нанкин университетіне және Қытайдың басқа да танымал университеттеріне баратынын мақтанышпен айтты. «Мемлекеттік ортақ тілді дәріптеу балалардың дүниетанымдарын кеңейтіп, олардың биікке және алысқа ұмтылуына, сондай-ақ 9,6 миллион шаршы шақырымнан асатын Қытай жерін сахна етіп, елдің барлық түкпірінде өз рөлдерін көрсетуге мүмкіндік берді», -дейді ол.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото