Қытайлық үкімет басшылары жұмыстың орындалуын қадағалау үшін жеке ұялы телефон нөмірлерін жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 наурыз

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Үкімет орындарының халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерінің орындалуын қадағалау үшін Гуанси, Аньхой сынды Қытайдың кейбір өлкелері мен аймақтарының басшылары жергілікті халыққа ұялы телефон нөмірлерін жариялады. Сонда бұл телефон нөмірлері арқылы шынында хабарласуға бола ма?

Жақында «Наньнин Дейли» газетінің тілшісі бірқатар басшылардың нөмірлеріне хабарласып көргенде, кейбіреулерін орталықтандырылған сала мамандары көтерсе, ал кейбіреулерін басшылардың өзі қабылдаған.

Сонымен бірге, Наньнин қалалық үкімет органдары мен басқа да бөлімдердің қызметкерлері арнайы жұмыс тобын құрып, оларды ашық қоңырауларды қабылдап, қоңырау соғушылардың қажеттілігі мен мәселелерінің шешілу барысын басшыларға уақытында жеткізіп тұруға жауапты еткен.

Аньхой өлкесі Бочжоу қалалық партия комитетінің бас хатшысы және қалалық партия комитетінің бақылау және бағалау кеңсесінің директоры Вань Руинянь: «Қоңырауларға басшылардың өздері жауап береді және барлығы өздерінің жеке ұялы телефон нөмірлері», - деп растады.

Телефон хабарлары қалыпты жұмыс пен демалысқа әсер ете ме деген сұрауға ол былай деп жауап берді: «Қазір қоңырау соғуға арнайы белгіленген уақыт жоқ, бірақ тиісті қызметкерлердің телефондары үнемі қосулы. Қоңырау шалушылардың көпшілігі қалыпты уақытта қоңырау соғып мәселелерін айтады деп сенеміз. Жиналыстарда немесе іс-шаралар кезінде телефон қоңыруы келсе, жиналыс аяқталғаннан кейін хабарласамын деп қысқа хат жолдаймыз.

Вань Руинянь жетекшілік тобының ұялы телефон нөмірерін жариялаудың түпкілікті нәтижесі халықтың талап-тілегін орындауға байланысты екенін айтып, қазіргі уақытта Бочжоу қалалық партия комитеті мен қалалық үкіметтің нақты әрі толық жұмыс процесі бар екенін және жауапты тұлғаның осы мәселеге жауап беретінін айтты. Көпшіліктің хабарлаған мәселелерінің күрделілігіне қарай нақты шешілу уақыты бекітіледі.

«Біз көпшілік айтқан мәселелерді сұрыптап, талдап, жүзеге асырып және шешу үшін тиісті бөлімдерге жеткіземіз», - деді ол. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото