Чжан Есуй: Қытай шетелге вакцинаны ең көп берген ел

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 4 наурыз
Чжан Есуй: Қытай шетелге вакцинаны ең көп берген ел

4 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік ХІІІ халық құрылтайы бесінші сессиясының баспасөз хатшысы Чжан Есуй Қытай осы уақытқа дейін 120-дан астам ел мен халықаралық ұйымдарға 2 миллиард 100 миллион дозадан астам вакцина берді, бұл Қытайдан тыс жалпы жаһандық вакцинаны қолданудың үштен бірін құрайды және шетелге ең көп вакцина берген ел болып табылатынын жеткізді.

Чжан Есуй Қытайдың дамушы елдердің вакцина ынтымақтастығының негізгі серіктестері болуын табандылықпен жалғастыратынын атап көрсетті. Кейбір қытайлық компаниялар вакциналарды өндіру және консервілеу үшін бірнеше дамушы елдермен ынтымақтасты. Сонымен қатар бірнеше дамушы елдермен бірлескен вакцина өндіру туралы келісімдерге қол қойып, 1 миллиард дозадан астам жылдық өндіріс қуатын алғашқы қадамда қалыптастырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото