- Барлық ақпарат
Ван И Украинадағы ауқымды гуманитарлық дағдарыстың алдын алу үшін алты тармақтан тұратын ұсыныс айтты
![]() |
7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз түстен кейін Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясының тиісті баспасөз мәслихатында, ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И «Қытайдың сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына» қатысты мәселелер бойынша қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сонда ол Украинадағы ауқымды гуманитарлық дағдарыстың алдын-алу бойынша алты тармақтан тұратын ұсыныс жасады.
Біріншіден, гуманитарлық іс-әрекет бейтараптық пен әділдік қағидаттарына бағынып, гуманитарлық мәселелердің саясаттануына жол бермеуі керек;
Екіншіден, Украинадағы босқын болған халыққа көңіл бөліп, олардың қоныстануына көмектесу;
Үшіншіден, Украинадағы бейбіт тұрғындарды тиімді қорғау және екінші реттік гуманитарлық апаттардың алдын алу;
Төртіншіден, гуманитарлық көмек көрсету қызметінің кедергісіз және қауіпсіз жүрілуін қамтамасыз ету, оның ішінде гуманитарлық көмекке жылдам, қауіпсіз және кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Бесіншіден, Украинадағы шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Олардың Украинадан аман-есен кетуіне мүмкіндік беру және олардың өз елдеріне оралуына көмек көрсету;
Алтыншыдан, Біріккен Ұлттар Ұйымының Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуде сәйкестіруші рөл атқаруына қолдау көрсету және БҰҰ-ның Украинадағы дағдарысты ыңғайлаушыларының жұмысын қолдау.
Ван И Қытай гуманитарлық дағдарысты еңсеру үшін жалғасты өз күш-жігерін жұмсауға дайын екенін айтты. Қытайдың Қызыл Крест қоғамы тез арада Украинаға шұғыл гуманитарлық заттық көмек жөнелтетінін айтты.
people.cn © People's Daily Online