Ван И: Әр ел үшін бөліну емес, бірлік, қарсыласу емес диалог қажет

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 наурыз

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз түстен кейін Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясының тиісті баспасөз мәслихатында, Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И «Қытайдың сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына» қатысты мәселелер бойынша қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап бергенде былай деді: «Биылғы жыл - әлем үшін тағы бір тәуекелге толы жыл. Осы маңызды сәтте елдерге бөліну емес, бірлік, қарсыласу емес диалог қажет. Жауапты ірі ел ретінде Қытай көпжақтылықтың туын биік ұстап, бейбітшілікті сүйетін және дамуды көздейтін барлық елдермен ынтымақтастықты нығайтып, сын-қатерлерді бірлесіп жеңіп, адамзат тағдырының ортақ қауымдастығын құруды жалғастыруға ықпал етіп, әлем үшін жарқын және нұрлы болашақты орнықтыруға ұмтылады»,-деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото