Ван И Қытай-АҚШ қарым-қатынасы туралы: «Үш нүктелі ережені» «үш принциппен» ауыстыру керек

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 наурыз

7 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз түстен кейін Мемлекеттік XIII халық құрылтайының бесінші сессиясының тиісті баспасөз мәслихатында, Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван Иді «Қытайдың сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына» қатысты мәселелер бойынша қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ван и өткен жылдан бері Төраға Си Цзиньпин мен Президент Байден бейне кездесу өткізіп, екі рет телефон арқылы сөйлесіп, екі тарап түрлі деңгейдегі диалогтар мен алмасулар жүргізгенін айтты. АҚШ көшбасшылары мен кейбір жоғары лауазымды тұлғалар АҚШ-тың жаңа қырғи-қабақ соғысқа ұмтылмайтынын, Қытай жүйесін өзгертуге, Қытайға қарсы одағын нығайтуға мүдделі еместігін, «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамайтынын және Қытаймен қарсыласуға ешқандай ниеті жоқ екенін дәйекті түрде мәлімдеген болатын. Алайда айтқандары тек сөз жүзінде қалып, орындалмай жүргені өкінішті. Көз алдымызда АҚШ әлі күнге дейін Қытайға қарсы нөлдік қосынды ойында «қатты бәсекелестік» жүргізу үшін бар күш-жігерін аямайды, Қытайды халықаралық қауымдастықта басып-жаншу үшін шағын одақ құрып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жалпы жағдайына зиянын тигізіп қана қоймай, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа да әсер етіп, бүлдіруде. Жауапкершілігі мол, сенуге тұрарлық үлкен ел мұндай болуға тиісті емес. Егеменді және тәуелсіз ел ретінде Қытай өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін берік қорғау үшін қажетті шараларды қолдануға толық құқылы.

Ван И: «Ірі ел болу бәсекесі заманның басты тақырыбы емес, ал нөлдік қосынды ойын дұрыс таңдауға жатпайды. Өзара селбесіп өмір сүретін жаһандану дәуірінде екі ірі елдің бір-бірімен тіл табысуының дұрыс жолын қалай табуға болатыны адамзат қоғамында бұрын-соңды кездеспеген әрі екі ел бірігіп шешуі тиіс жағдай. Биыл Шанхай коммюникесінің жарияланғанына 50 жыл толады. Тарихқа көз жүгіртсек, айырмашылықтарды сақтай отырып, ортақ тіл табу рухында Қытай мен Америка текетіресті ынтымақтастықпен алмастырып, екі халыққа пайда әкеліп, дүние жүзінің бейбітшілігі мен өркендеуіне ықпал етті. Болашаққа көз тастасақ, екі тарап салқын қатынасты жылытуға деген бастапқы ниетіне қайта оралып, қайта жиналып, жолға шығуы керек. Сонымен бірге бәсекелестік, ынтымақтастық және қарсыласу деген «үш нүктелік ережені» өзара сыйластық, бейбіт және қатар өмір сүру, ынтымақтасу арқылы тең ұтысқа жету сияқты «үш принципке» ауыстыруы тиіс. АҚШ-тың Қытайға қатысты саясаты рационалды және прагматикалық дұрыс жолға қойылып, сондай-ақ Қытай-АҚШ қарым-қатынастары кедергісіз және тұрақты болуы керек», - деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото