Жаңадан 10 мемлекет Қытаймен «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастық құжатына қол қойды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 наурыз
Жаңадан 10 мемлекет Қытаймен «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастық құжатына қол қойды

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз түстен кейін мемлекеттік XIII Халық Құрылтайының бесінші сессиясының тиісті баспасөз мәслихатында, ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И «Қытайдың сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына» қатысты мәселелер бойынша қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Мәслихатта Ван И «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастығының ілгерлеу барысын үш жақтан таныстырды.

Біріншіден, індет пен басқа факторлардың әсеріне ұшырасада, «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы әлі де жақсы қарқынын сақтап келеді. Өткен жылы «Бір белдеу, бір жол» инфрақұрылымының «Қатты байланысы» тұрақты түрде дамыды. Қытай-Лаос темір жолы және Израильдегі Хайфа жаңа порты сияқты ірі жобалар сәтті аяқталды, Қытай-Пәкістан экономикалық дәлізі, Пирей порты, Джакарта-Бандунг жүрдек теміржолы және Венгрия-Сербия темір жолы құрылысы тұрақты жүргізілді. Қытай-Еуропа жүк пойыздарының саны мен зат тасымалдау көлемі қайтадан рекордтық көрсеткішке жетіп, ұқсамаған елдердің экономикасын қалпына келтіруге күшті серпін берді.

Екіншіден, «Бір белдеу, бір жол» ережелері мен стандарттарының «Жұмсақ байланысының» да жаңалықтары мол. Өткен жылдан бері тағы 10 мемлекет Қытаймен «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастық құжатына қол қойып, «Бір белдеу, бір жолды» бірге құрушы үлкен отбасы мүшелерінің саны 180-ге жетті. Біз сондай-ақ Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша «Бір белдеу, бір жол» жоғары деңгейдегі кездесуін сәтті өткіздік, «Бір белдеу, бір жол» вакцинаны бірлесіп өндіру бойынша ынтымақтастық және жасыл даму серіктестігінің бастамалары кең қолдауға ие болды.

Үшіншіден, «Бір белдеу, бір жол» елдерінің өзара көмектесетін «Жүректер байланысы» тереңдей түсуде. Біз әр елдің індетпен күресуіне көмектесу үшін бар күш-жігерімізді жұмсадық және 20 дамушы ел серіктестерімен вакциналарды бірлесіп өндіруде ынтымақтастық, олардың көпшілігі «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдерге бағытталған. Осы бастаманы бірге құратын елдер тұрғындарының табысын арттырып, әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізіп жатқан бір топ «Кіші, бірақ әдемі» жобалар тұрақты жүзеге асырылды.

Сөз соңында Ван И бұл фактілер «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысындағы серіктестер санының үздіксіз көбейіп келе жатқанын, ынтымақтастықтың іргетасы барған сайын нығайып, ынтымақтастықтың келешегі нұрланып, эпидемиядан кейінгі әлемге жаңа даму болашағын сылайтынын толық дәлелдейтінін атап көрсетті. Ол тағы да өткен жылғы үшінші «Бір белдеу, бір жол» құрылыс форумында ҚХР мемлекет төрағасы Си Цзиньпин алға қойған талаптарға сәйкес, біз халықаралық қоғамдастықпен бірге «Бір белдеу, бір жол» құрылысының сапалы жүргізілуін жалғастырып, ынтымақтастықтың жоғары деңгейіне, жоғары инвестициялық тиімділікке қол жеткізу үшін жабдықтау сапасын жоғарлатып және дамудың жоғары серпінге жетуін құлшына іске асырамыз. Сөйтіп «Бір белдеу, бір жол» бастамасын әлемге пайда әкелетін «Даму белдеуіне» және әлем халқына игілік әкелетін «Бақыт жолына» айналдырамыз деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото