Қытай Ауғанстан халқының қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетуді жалғастырады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 8 наурыз
Қытай Ауғанстан халқының қажеттіліктеріне қарай көмек көрсетуді жалғастырады

8 наурыз, онлайн «Халық Газеті» -- 7 наурыз күні мемлекеттік XIII Халық Құрылтайының бесінші сессиясының баспасөз мәслихатында, ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И «Қытайдың сыртқы саясаты мен сыртқы қатынастарына» қатысты мәселелер бойынша қытайлық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ван И Ауғанстан қазіргі уақытта ауыр гуманитарлық дағдарыс пен лаңкестік қауіп-қатерлерге тап болып отыр, Қытай әлем тарабы Ауғанстанға қиындықтарды жеңу үшін қандай қолдау көрсету керек деп ойлайды деген сұраққа жауап ретінде былай деді:

«АҚШ Ауғанстаннан жауапкершіліксіз шегініп кетті. Бұл ауған халқы үшін терең гуманитарлық дағдарыс пен аймақтық тұрақтылыққа үлкен қауіпсіздік мәселесін тудырды. Ауғанстан қазір былықпалықтан басқаруға өтетін сын кезеңінде тұр. Барлық тараптар «Ауғандар басқаратын және ауғандар меншігіндегі» принципін ұстанып, ауған халқының ұлттық жағдайларына сай даму жолын іздеуіне қолдау көрсетуі керек. Уақытқа ілесіп, гуманитарлық көмек көрсетуді жеделдету, АҚШ-тағы ауған активтеріне тыйым салуды және әртүрлі біржақты санкцияларды дереу алып тастау және Ауғанстан халқына тиесілі дүние-мүліктерді сөзсіз қайтару, ауған халқына «екінші кезектегі» қиындықты болдырмай, олардың қаһарлы қыстан аман шығып, көктем шуағына жетуіне дем беру - қазіргі басты мәселе».

«Қытай мүмкіндігінше тезірек Ауғанстанға көмек қолын созды және Ауғанстан халқының қажеттіліктеріне қарай жаңа көмек көрсетуді жалғастырады. Біз Ауғанстанмен көршілес елдер сыртқы істер министрлерінің үшінші кездесуіне дайындалып жатырмыз және Ауғанстанның ұзақ мерзімді тұрақтылығына үлес қосуға, көршілес елдердің артықшылығын толық пайдалануға дайынбыз».   

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото